«Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы»
2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2007 жылғы 3 сәуірдегі № 428 шешімі
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3557, 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Қостанай таңы», 2006 жылғы 27 желтоқсандағы № 178 «Костанайские новости») шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, бұрын Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 388 «Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 378 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 3561, 2007 жылғы 17 ақпандағы № 17 «Қостанай таңы», 2007 жылғы 20 наурыздағы № 38 «Костанайские новости»):
Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2007 жылға арналған облыстық бюджеті мынадай көлемдерде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1) кірістер - 40 062 700 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 365 730 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 1 521 141 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін т?сімдер - 11 131 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 38 533 698 мың теңге;
2) шығындар - 40 793 363 мың теңге;
3) операциялық сальдо - - 730 663 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - - 346 314 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 028 671 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 374 985 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы (профицит) - - 384 349 мың теңге;
7) тапшылықты қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) - 384 349 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген шешімнің 6-тармағында:
«3 326 749» деген сандар «3 336 749» деген сандармен ауыстырылсын;
«1 877 891» деген сандар «1 867 891»деген сандармен ауыстырылсын;
«328 648» деген сандар «318 648» деген сандармен ауыстырылсын.